Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дана Тұрарбек: Академияда мұғалімдер мені шошқаға теңеп, Мадиярды ұсқынсыз деп 6 жыл оқудан құлатты

Дана Тұрарбек: Академияда мұғалімдер мені шошқаға теңеп, Мадиярды ұсқынсыз деп 6 жыл оқудан құлатты
ашық дереккөз
Дана Тұрарбек актрисалыққа оқуға түсерде өзінің және күйеуі Мадиярдың көрген қиындықтары жайлы айтып, көпшілікті еш мойымауға шақырды
"Өнер қырандары" театрының актрисасы Дана Тұрарбек мектеп оқушысы кезінен актриса болуды армандаған. Оны осы арманы  сыныптастарымен қоса бүкіл ауылға күлкілі көрініпті. Екі беті томпиған оқушыны ұстаздары да сыныптастары да армандай білгені үшін әбден күлкіге айналдырып, әжуалаған көрінеді.  Ал оның күйеуі Мадиярды ұсқынсыз деп Өнер ордасының ұстаздары бірнеше жыл бойы оқуға түсуіне кедергі болыпты, деп жазды KYN.KZ. "Мектеп кезінен бастап қандай мамандық таңдап,оқуға қай қалаға баратынымызды ойлай бастаймыз.Мысалы мен актриса боламын десем ешкім сенбейтін,бір-екі құрбымнан басқа. Тіпті бір мұғалім мысқылдап "шық тақтаға әртіс сымақ, айтшы әртіс деген қандай болу керек"деп бүкіл сыныптың көзінше мені кекеткені бар. Жасықтығымнан тілім байланып,ұялғанымнан сөйлей алмай,күлкіге қалғам.Сол апай қазір мені тв-дан көргенде не ойлайды екен,қызық. Ал есі кірмеген кластағы ұлдар "сен актриса болсаң,мен балерина болам"деп күлетін. Себебі мен қарапайым отбасының томпақ қызы едім.Бірақ сол томпақтығыма қарамастан "Мисс осень"дегендерді жеңіп алатынмын.Себебі ешкімнің шалма сөзіне мән бермей,өлеңдерімді шығарып,ән айтып,қиялданып жүретінмін. Арасында мені дарынды деп поэзия кештеріне,концерттерге,тіпті тоғызқұмалақ жарысына сүйрейтін ағай,апайлар да болды. Сол кісілердің сенімі мені қуаттандыратын. Анам қарсы болғанмен қамамайтын.Қатысам деген кештерге қатысатынмын. Өзім дизайнын сызып алып,тігіншіге барып киім тіктіртіп,кейде құрбыларымнан алып,студияға барып ән жаздырып,бишілер мен келісіп,қойылым қылып жіберетін едімғой номерімді. Бірақ үйдің бүткіл тірлігін тындыратынмын. 3 - сыныптан тамақ жасап, 5-сыныптан уборка жасап, 7-сыныптан арқан-арқан кір жуып,8сын-н жаңа туылған ініме қарап,жаялық жуып,су тасып,пеш жағып,керек десең қар күреуге де кірісіп кететін едім.Құрбыларым сыртымнан Золушка деп ат қойып алғанғой. Бірақ огородта арам шөп жұлғанда панамамды басып киіп,жеңі ұзын киіммен отыратынмын,күнге күйіп кетпейін деп.Малина теріп алып езіп бетіме жағып маска жасайтынмын.Үйге уборка жасағанда айнаның алдына қадалып қалатын едім,дезодоранттар микрофонға айналып,айна саxнаға айналып кететін. Магнитофоннан Витасты қойып,бірге айғайлаушы ем.Хорошо что жер үйде тұрдық,әйтпесе көршілермен күнде концерт болар ма еді.Тіпті бір күні бөлем Альмираға "мен отырамын,сен бетімнен шапалақ пен ұр,сонда арықтайды"деп ол азартқа кіріп кетіп,бетім ду-ду етіп қызарып кеткен. Ол олма,кейін бағым жанып академияда оқып жүргенде этюд жасау керек болып,екі сағат саxнада төрт аяқтап маңырамаймынғой,лақ боп жүрмінғой өзімше.Сөйтсем ағай очкиінің үстінен жақтырмай қарап,"әй, Тұрарбек бері кеші деді. Алып ұшып жанына жетіп барсам "қызым сен ренжіме,саған лақты емес,шошқаның ролін ойнау керек"демесі бар ма аспан айналып жерге түскендей болдығой. Мен жылап,қыздар жұбата алмай,сонда бетімді ұрып"осы семіздіктен көрдім-ау"деп жылаймын ғой Қазір күлкілі,ол кезде трагедия еді. Актриса деген арық болу керек деген стереотип.Сол сияқты актер сұлу болу керек деп Мадиярды 6 жыл оқудан құлатқанғой мұғалімдер. АЛЛАның қалауымен мен 16-17жасымда, Мади 23-24 жасында ешкімнің қолдауынсыз,бір тиынсыз грантқа түсіп кеткен,ең бақытты кездеріміз едіғой. Тіпті мамам қарсы болып,жын ойнаққа бармайсың,юрист боласың деп.Мен жылап,содан қалаға кетерде "грантқа түссең оқисың,түспесең даярка боласың"дегенғой менің сиырдан қорқатынымды біліп.Кейін звондап грантқа түстім десем оймолодец деп,біраздан соң қайта соғып точно түстің бе деп сенбей,қызық болған. Дұрысқой ана баласының дұрыс жолда болғанын қалайдығой,өнер деген ауыр жолдың түрлі тармағының ішінен біз руxани жолын таңдадық. Актриса орамалды,етек жеңі жабық болмайды дегенүтағы бір стереотипті бұзып келем. Бір атағымыз кем болар,есесіне бір адамға ой салармыз.Жаман болдық деп ойламаймын.Шүкірмін.",- деп жазған актриса желідегі парақшасында
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар