Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мұхтар Тайжан Қосановқа: Халықты саттыңыз, қарабет болдыңыз

Мұхтар Тайжан Қосановқа: Халықты саттыңыз, қарабет болдыңыз
ашық дереккөз
Көпшілік Қосановтың тура сайлау күні болған митинг жайлы ойынан күмәнданып қалды
Желі қолданушылары президенттікке үміткер Әміржан Қосановтың сайлау күнгі митингкке сыртқы күштерді айыптай сөйлеген мәлімдемесінен кейін көңілдері қалғанын жарыса айтып жатыр, деп жазды KYN.KZ. Қосановтың сөзінше сайлау күні болған Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы рұқсат етілмеген шеруге сыртқы күштер кінәлі. Оны елді тонап, іздеуде жүрген қашқын арандатып отырған Әбілязов ұйымдастырған. "Мен жастардың арандап қалғанына алаңдаймын. Сыртта, өзге елде кофе ішіп отырып, Қазақстанның бірлігін құртқысы келетіндердің әрекетінен арам пиғыл байқаймын. Бұған жастар мен қарапайым халық еліктеп, арандап қалды. Мұның соңы трагедияға алып барады. Қазақстан қазір транзит кезеңінде. Сондықтан билік пен оппозиция белгілі дәрежеде өз позицияларын қорғай отырып ымыраға келіп, жаңа үлгіде жұмыс істеуі керек.",- деген болатын. Видео үндеуден кеін көпшілік Қосановтан көңілі қалғандарын жарыса жазып жатыр. "Сенген серкелерің осы ма еді? Мақтаған қыз тойда бір ос.....ды. Әбеке, сіз xалықтың аманатына қиянат жасадыңыз. Қаншама қарапайым xалық сізге сеніп бұл жалған "сайлауға" үмітпен барды. Сіз үшін миллиондаған қазақ дауыстарын аямады, бақылаушы болып бүгін күні бойы жұмыс істеді. Қарабет болдыңыз..... Жігіттің екі сөйлегені өлгені дейді қазақ атам. Елден қашып кетіп тіпті жоқ болсаңыз да бұл күнәдан құтыла алмайсыз. Әлде Айдос, Расул, Серікжанмен тағы бірігіп "Жаңа Қазақстанбыз" деп xалық атынан "оппозиция" құрып Мәжіліске ұялмай-қызырмай кіресіңдер ме? Халықты сатып кеткен құндарың осы ма еді?",-деп өз ойын білдірді қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Мұхтар Тайжан (@mukhtar.taizhan)

Оқи отырыңыз:

Ринат Заитов: Халқым, мен Қосановқа алданып қалдым (видео)

Дана Тұрарбек: Академияда мұғалімдер мені шошқаға теңеп, Мадиярды ұсқынсыз деп 6 жыл оқудан құлатты

Қосанов: Сайлау күні жастар митингке шығып арандап қалды

ОСК: Сайлауда нақты кімнің қанша дауыс жинағанын айтты

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар