Басты жаңалықтар
ОСК: Сайлауда нақты кімнің қанша дауыс жинағанын айтты
- автор kyn.kz
- 10 маусым, 2019
- 217
Президент сайлауына қазақстандықтардың 77,4 пайызы қатысқан
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Сонымен, Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 9 маусымда өткен президент сайлауында кандидаттар келесідей дауыс жинаған:
- Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,76%;
- Әміржан Қосанов - 16,02%;
- Дания Еспаева - 5,2%;
- Төлеутай Рақымбеков - 3,2%;
- Амангелді Таспихов - 2,07%;
- Жамбыл Ахметбеков -1,82%;
- Сәдібек Түгел - 0,92%.
Exit poll нәтижесі
9 маусымда өткен президент сайлауынан кейін Exit-poll нәтижесі жарияланып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпшілік дауыспен жеңіске жеткені белгілі болды. "Қоғамдық пікір" институты жүргізген сауалнама нәтижесі Тоқаевтың 70,13% дауыс жинағанын көрсетті. Сайлаушылардың 15,39%-і Әміржан Қосановқа, 5,32%-і Дания Еспаеваға, 3,86%-і Жамбыл Ахметбековке, 3,03%-і Төлеутай Рақымбековке, 1,41%-і Амангелді Таспиховқа, ал 0,86%-і Сәді-Бек Түгелге дауыс берген. Ал "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген Exit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 69,94% дауыс жинады. Әміржан Қосанов – 14,96%, Дания Еспаева – 4,78%, Жамбыл Ахметбеков – 3,06%, , Төлейтау Рахимбеков – 2,71%, Амангелді Таспихов – 2,63%, Түгел Сәдібек – 1,92% дауыс жинады. Келесі мақала