Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылордада түрмеде отырған әйел босанды

Қызылордада түрмеде отырған әйел босанды
ашық дереккөз
Қазір ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты.
Қызылорда қаласында ЗК-169/1 тергеу изоляторы мекемесінде отырған азаматша екінші перзентін дүниеге алып келді, деп жазды KYN.KZ. Азаматша Қызылорда қалалық тергеу сотының 2019 жылғы 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес ЗК-169/1 мекемесіне жіберілген. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2,3 тармақтарымен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған. Әйел 10 маусым күні Ана мен бала орталығында босанып, екінші перзентін дүниеге алып келді. «Аталған азаматшаға ЗК-169/1 мекемесінің  әкімшілігі алғашқы кезектегі қажетті заттар және тиісті азық-түлігімен қамтамасыз етті. Мекеме әкімшілігі нәрестенің құжаттандыру жұмыстарымен айналысуда. Қылмыстық ісі бойынша шешімді заң талаптарына сәйкес мерзімінде сот органдары қабылдайды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Дана Достанова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар