Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тыйым салынған ҚДТ эстремистік ұйымның нұсқаулығымен санкцияланбаған митингтер ұйымдастырылғаны хабарланған болатын.
ІІМ ақпаратынша, тоғызыншы маусым күні екі қаладағы наразылық шарасы кезінде 500 адам тұтқындалса, 10 маусымда 200 адам ұсталды. Олардың басым көпшілігі қамау мен айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Журналистердің бірі Қожаевқа "Артем" базарына кеткен танысын себепсіз ұстап, Қарағандыға алып кеткенін жеткізді. Тілшінің сөзінше, енді оның қайда екенін ешкім білмейді.
"Олар құр жайдан жай, себепсіз тұтқындалған жоқ. "Артемге кетіп тұтқындалды" дегендей жағдайлар болған жоқ. Олардың барлығы тыйым салынған ҚДТ ұйымының нұсқауымен санкцияланбаған митинг ұйымдастыру барысында ұсталды.
Олар қоғамдық тәртіп күштеріне белсенді түрде қарсылық танытып, еліміздегі митингтерді өткізу тәртібін бұзғаны үшін тұтқындалды" , - деді бірінші вице-министр.