Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Медициналық сақтандырудың түрлері және оны тиімді пайдаланудың жолдары

Медициналық сақтандырудың түрлері және оны тиімді пайдаланудың жолдары
ашық дереккөз
Бұдан былай кепілдендірілген медициналық көмекпен бірге қосымша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүретін болады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Оған сәйкес тұрғындар екі түрлі медициналық пакет бойынша көмек ала алады, деп жазды KYN.KZ. Яғни келер жылы кепілдендірілген медициналық көмекпен бірге қосымша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүретін болады. Соңғысы азаматтардың арнайы шотына жиналған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Ал кепілдендірілген көмекті Үкімет қаржыландырады. "15 категория бар. Сол 15 категорияға үкімет жарнаны өзі төлеп отырады. Оның ішіне мүгедектер, ҰОС ардагерлері, зейнеткерлер, алтын, күміс алқа алған аналар, үш жасқа дейін баламен отырғандар кіреді. Барлық кепілдендірілген медициналық көмек арқылы осылардың барлығы тегін көмек алады. Жаңа жүйе халықтың медициналық және дәрілік көмекті тең дәрежеде алуына мүмкіндік береді", –дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ қалалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров Сонымен қатар емдеу мекемелеріне қойылатын талаптарды күшейтіп, бәсекелестікті арттырады. «Ал бұл өз кезегінде қызмет сапасын жақсартады.Тек жарнаны уақыты төлеп тұрса болғаны. », – дейді мамандар. "Әлеуметтік медициналық сақтандырудың пайдасы – денсаулық сақтау саласындағы қаржылық тұрақтылықты, медициналық қызметтердің жоғары және сапалы болуын, қолжетімділігін, медициналық қызметтің кең ауқымды пакетін алу үшін қамтамасыз етіледі", –дейді №6 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Азамат Байбалаев.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар