Басты жаңалықтар
Тоқаев Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары әкімдерін қызметтен босатты
- автор kyn.kz
- 12 маусым, 2019
- 199
Қазақстан президенті барлық әкімнің өкілеттігін заң жүзінде тоқтатты
Өкілеттігі тоқтатылған әкімдер мен мемлекеттік орган басшылары орнына жаңа басшылар тағайындалғанға дейін міндеттерін атқаратын болады, деп жазды KYN.KZ.
Қазақстанның сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерінің өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Құжаттың мәтіні Ақорда сайтында жарияланған.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін", - делінген жарлықта.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган басшыларының өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Құжаттарға сәйкес, әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары орындарына жаңа басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқара береді. Жарлықтар қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.