Басты жаңалықтар
Алматы полициясы жазықсыз тұрғынды қинап қамауға алғанын мойындап, одан кешірім сұрады
- автор kyn.kz
- 13 маусым, 2019
- 190
Велосипедпен жұмыстан қайтқан тұрғын сөзіне сол сәтте тәртіп сақшылары құлақ аспай, сүйреп апарып көліктеріне тыққан еді
Алматы полициясы 10 маусымда көшеде өз жөнімен кетіп баражатқан Арман Абдуллахановты велосипедінен күштеп түсіріп, қызметтік көліктеріне салып алып кеткен.
Осы сәтте түсірілген суреттер мен видеороликтер әлеуметтік желілерде тез таралып, қызу талқыға түсті. Жаттықтырушы болып жұмыс істейтін, жалғызбасты әкенің сөзінше, полиция тұтқындаған сәтте ол велосипедпен жұмыстан үйіне қайтып кележатқан.
Тәртіп сақшыларына жағдайды түсіндірмек болғанымен оған құлақ асқан жан болмады. Олжағдайды видеоны тамашалаған барлық қазақстандық анық көрді.
Ал Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаев араға үш күн салып, жалғызбасты әке мен оның балаларынан болған жағдай үшін кешірім сұрады.
"Үш бала тәрбиелеп отырған жалғызілікті әке, жаттықтырушы Арман Абдуллахановтан кешірім сұрадық. Қазір қалада жағдай тыныш. Қаладағы қауіпсіздік бақылауда, алаңдауға негіз жоқ.
Көшеде барлық қауіпсіздік шаралары қабылданған. Құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті бұзуға, азаматтардың өміріне және қауіпсіздігіне қатер төндіретін заң бұзушылыққа жол бермейтіндігіне сенім білдіремін", - деді Серік Құдайбергенұлы.
Арман Абдуллаханов үш баланы жалғыз асырап отырған әке. Оның тұңғышы Ақназар Қажымұратов Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.
Ақназар математика және физика пәндері бойынша олимпиада жүлдегері, ол өз күшімен танымал Гарвард университетіне грантпен оқуға түсті. Ол туралы мектептің желідегі парақшасында ұстаздары кезінде мақтана отырып мақала жазған болатын. Себебі, Ақназардың білім деңгейі әлемнің мен деген оқу орындарында қызмет ететін профессорларды да таң қалдырған еді.