Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Керменбаев Хамитованың айыптауларына қатысты өз жауабын айтты

Керменбаев Хамитованың айыптауларына қатысты өз жауабын айтты
ашық дереккөз
Нұржан: Жанардың ата-анасы жайлы мен де көп ақпарат айта аламын
Кезінде Керменбаевпен ән салған Хамитова екеуінің арасындағы махаббат пен әншілік туралы  "Астарлы ақиқат" бағдарламасында біраз ақпара айтқан болатын. Халыққа Жанардың тарапынан айтылған сөздер қызық болып, Керменбаевтың нұсқасын журналистер арқылы білгісі келгендер де аз емес.
Гәкку арнасына берген сұқбатында Керменбаев  Жанар Хамитованың сөздерін жоққа шығарды, деп жазды KYN.KZ.

Керменбаев өзін қомақты қаржыны жымқырып, "лақтырып кетті" деген Жанарға қатысты пікір білдірді.

"Әрине өтірік, Алла сақтасын. Мен ол кісіден ешқашан ақша алған емеспін. Естуім бойынша, 60 мың доллар алды деген бір жалған ақпарат беріпті", - деді ол.

Сондай-ақ, Нұржан осы уақытқа дейін неліктен жақ ашпай келгенін де түсіндіріп өтті.

"Ақталудың жөнін көріп тұрған жоқпын. Ақиқат айдан анық болып көрініп тұрады ғой. Менің қазір отбасым бар, екі ұлым, келіншегім бар. Отбасымның берекесін ойлап жүрген адаммын. Сол себепті берекем қашпаса екен деген ниеттемін", - деді жұлдыз.

Нұржан Керменбаевтың ойынша, Жанар Хамитова жала жауып, өзіне хайп жасағысы келген екен.

"Оның не үшін олай айтып жүргенін білмеймін. Хайп іздеп жүрген болар. Мүмкін елдің алдында сөйтіп абыройын көтеремін деп ойлады ма екен.

Қазір елді алдай алмайсың. Ғаламтор бар. Ортақ араласатын адамдарымыз бар. Солардан сұраса болады", - деді Нұржан.

Сонымен қатар, әнші ата-анасына қатысты айтылған сөздерді жоққа шығарып, оның жақындарына тіл тигізбеуін өтінді.

"Ол тақырыпты қозғамай-ақ қойсын. Оның өзінің де, менің де ата-анам туралы сөз қозғағаны жайлы мен де біраз ақпарат ашып бере аламын. Сондықтан ер басыммен ол парақтарды ақтарғым келмейді.

Жанардың сөзіне қарап, маған ол туралы әңгіме айту жиіркенішті. Маған босқа жала жаппай-ақ қойсын. Ата-анама тіл тигізбесін. Өзінің ата-анасымен қарым-қатынасын түзеп алсын", - деді Нұржан Керменбаев.

Тағы оқыңыз:

Ринат Заитов: Халқым, мен Қосановқа алданып қалдым (видео)

Айжан Байзақова АҚШ-қа көшкісі келетінін, Қазақстанда өзіне талай қастандық жасалғанын айтты

Байзақова: Ата-анам мұсылман болғанымен мен дінсізбін

Дана Тұрарбек: Академияда мұғалімдер мені шошқаға теңеп, Мадиярды ұсқынсыз деп 6 жыл оқудан құлатты

Ләйлә Сұлтанқызы өзін сұхбатқа шақырған Қарақатты састырып тастады (видео)

Сәуле Әбединованы бір топ әйелдің не үшін сабағаны анықталды

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар