Басты жаңалықтар
Мәди Манатбек Қосановқа: Басынан жалданғаныңызды білдік, неге соңына дейін әдемі ойнамадыңыз?
- автор kyn.kz
- 14 маусым, 2019
- 700
Белгілі журналист саясаткердің алға қойған жоспары мен сайлауда жинаған дауысына қатысты бар ақиқатты айтып, сынап тастады.
Журналис Мәди Манатбек Әміржан Қосановтың алдын ала сайлауға қатысқанын, сайлаудан кейінгі іс-әрекетін қатаң сынға алды. Оның сөзінше саясаткер өз міндетін дұрыс атқармастан аздап халықты арандатып алған. Әрі ол мақтанып жүрген оппазициядағы рекорд (16% дауыс) оны ел тұлға ретінде көргендіктен емес деп нақты айтты.
Журналист көкейінде қалған сұрақты желі арқылы саясаткердің өзіне қойды, деп жазды KYN.KZ.
"Әміржан Қосанов ауруханадан фб арқылы елге хат жазыпты. Ем болсын деймін!
Ол кісіге қояр сұрағым да бар еді:
16 пайызды, оппозицияда бұрын бұндай жетістіктің болмағанын айта бергеннен май шықпайды. Сізде 70% дауыс болды. Әскерилер, полиция, мемқызметкерлердің де дені сізге дауыс берді. Сіз де, штаб та толық күшінде жұмыс істеген жоқ.
Барлығын ел бақылаушылармен, таксишілермен, белсенділермен бірге өзі алып шықты. Сіздің бар кемшілігіңіз нақты қорытынды шықпай жатып, таңға дейін уақыт болса да, штабпен, мүдделестермен ақылдаспай, түн ортасында екі қолды көтеріп беріле салғаныңыз. Сіздің сайлауға қатысуыңыздың ойын екенін ел әу бастан білген. Ел сізді тұлға емес, символ ретінде көрді, қолдады. Болса да ойнағасын "бұл жөнсіздік, талап етемін, күресемін" деп соңына дейін әдемі ойнап шығу керек еді. Дегенмен ел ұтты. Себебі біріге білді. Ал біріксе күш екеніне, сел екеніне, бір-біріне қамқор, қолдау бола алатынына, бар жауапкершілік халықтың өз қолында екеніне көзі жетті. Бірақ сізге көп сұрақ қалды. Кім, кімдер қорқытты, немен, не деп қорқытты, қандай уәде берілді, асығыс шешім қабылдап, келісе салатындай қандай құдыретті күштің қыспағына түстіңіз?",- деп жазды журналист желідегі парақшасына.