Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев қарапайым халықтың не себепті митингке шықанын атады

Тоқаев қарапайым халықтың не себепті митингке шықанын атады
ашық дереккөз
Президент шеру кезінде ұсталған азаматтардан билік кешірім сұрайды
Көптеген қазақстандық материалдық жағдайы нашарлаған соң, наразылық білдіріп көшеге шықты, деп санайды Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазір митингіге қатысқандардың талаптары қаралып жатыр, дейді президент.
"Негізінен бұл – әлеуметтік сипаттағы талаптар. Бұл мәселелердің бар екенін жоққа шығармаймын. Жалпы айтқанда, олар адамдардың кедейленуінен туындап отыр. Олар үкіметтен көкейтесті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуді сұрайды", - деді Тоқаев Euronews арнасына берген сұқбатында. Қоғамдық қауіпсіздікке аса зиян келтірмеген адамдар жуырда босатылады, деп жалғастырды мемлекет басшысы. "Билік естіді. Енді жұмыс істейміз. Олардың арасына кездейсоқ тап болған адамдар барын естідім. Олардың алдында, әлбетте, кешірім сұрап, тез босатамыз. Бұл проблема шешімін табады", - деп президент уәде берді. "Ал сайлау әділ өткен жоқ дейтіндер ше? Олардың жайы не болмақ?" – деп сұрады тілші. "Әрине, олар босатылады. Себебі бұл – өз пікірі. Мәселен, мен сайлауды әділ өтті деп санаймын", - деді Тоқаев. Президент заңсыз әрекеттер тоқтатылатынын атап өтті. Оның айтуынша, Бас прокуратура санкцияланбаған митинг өткізудің заңға қайшы екенін талай рет ескерткен. Көшедегі тәртіпсіздік акцияға қатысқысы келмейтін адамдарға кедергі жасайды, дейді Тоқаев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар