Басты жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда 33 адам жарақаттанып, 2 адам қайтыс болған жол апатының себебі анықталды
- автор kyn.kz
- 14 маусым, 2019
- 302

Нұр-Сұлтан қаласында таңғы уақытта бағдаршамға тоқтаған бірнеше көлікті соңынан келген қоғамдық көлік бар жылдамдығымен соққан еді. Қайғылы жағдайға қатысты медициналық сараптаманың қорытындысы шықты. Сот сараптамасы анықтағандай автобус жүргізушісі апатты жағдай кезінде жүрегі тоқтап, есінен танып қалған, деп жазды KYN.KZ.
Полиция департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Нұрқаевтың айтуынша, бұл оқиға бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр.
"Біз қылмыстық іс қозғадық. Сот-медицина сараптамасына сәйкес, №303 автобустың жүргізушісі Оспанов есінен танған. Салдарынан жол-көлік апаты болды. Тергеу 26 маусымға дейін жалғасады", - деді Нұрқаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Сараптамаға сәйкес, автобус жүргізушісінің жүрегі ауырған. Сол күні жүрегі сыр беріп, қан айналымы баяулаған. Миға қан бармағандықтан, жүргізуші есінен танып қалыпты. Есте болса,, биыл 26 наурызда елордағы Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңына қатынайтын №303 автобус пен №12 автобус соқтығысқан. Кейін оларға №53 қоғамдық көлік пен жедел жәрдем көлігі соғылды.Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025