Басты жаңалықтар
Заитов митингідегі белсенділігі үшін айтыстан шеттетілді
- автор kyn.kz
- 16 маусым, 2019
- 217
Ақын бұған дейін 16 маусымға жоспарланған айтысқа шақырту алып, келісімін беріп дайындалып жүрген.
Айтыс ақындарын ұйымдастырып халық алдында осы өнерді насихаттап жүрген ақын Жүрсін Ерман 16 маусым күні Тарбағатай жерінде өтетін айтыстан Ринаттың шеттетілгенін хабарлады.
Бұл жөнінде KYN.KZ Qamshy.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды
"Ринаттың қазір қайда екенін білмеймін. Туған жері Аягөзге кетіп қалған секілді. Ол 16 маусым күнгі Тарбағатайда өтетін айтысқа қатысуы керек болған, алайда соңғы кездегі жағдайға байланысты Ринатты айтыс тізімінен сызып тастады. Айтыс ұйымдастырушылары Ринатты айтыстан алуды сұрады", - деді Жүрсін Ерман.
Есте болса, Заитов сайлау кезінде Қосановтың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлау қорытындысы шығысымен өзінің Қосановқа алданып қалғанын айтты. Кейіннен алаңға адам жинап партия құратынын мәлімдеді. Әрі халықтан тізерлеп тұрып кешірім сұрады. Оқи отырыңыз:
Айжан Байзақова АҚШ-қа көшкісі келетінін, Қазақстанда өзіне талай қастандық жасалғанын айтты
Байзақова: Ата-анам мұсылман болғанымен мен дінсізбін
Дана Тұрарбек: Академияда мұғалімдер мені шошқаға теңеп, Мадиярды ұсқынсыз деп 6 жыл оқудан құлатты
Ләйлә Сұлтанқызы өзін сұхбатқа шақырған Қарақатты састырып тастады (видео)
Сәуле Әбединованы бір топ әйелдің не үшін сабағаны анықталды
Келесі мақала