Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2070 жылға қарай Жер шарында мүлдем оттек қалмауы мүмкін

2070 жылға қарай Жер шарында мүлдем оттек қалмауы мүмкін
ашық дереккөз
Ғалымдар Мексика шығанағындағы Жер тарихындағы ең үлкен оттегісіз аймақтың пайда болуын болжады.
АҚШ-тағы Луизиана университетінің ғалымдары Мексика шығанағындағы тарихтағы ең ірі оттегісіз аймақтардың бірінің пайда болуын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ. Ол кішігірім балдырлар көбеюінен пайда болады және балықтар мен басқа теңіз жануарларының өліміне әкеп соғады. Жасалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша өлі аймақтың пайда болуның негізгі себебі - ауылшаруашылығымен айналысатын жерлерден келетін құрамында тыңайтқыштардың жоғары концентрациясы бар су ағыны. «Көптеген қоректік заттар ағындар мен өзендерге түседі, Ал өзен сәйкесінше ол заттарды тура мұхитқа алып шығады, бұл балдырлардың қатты өсуіне алып келеді. Кейін уақыты келгенде, балдырлар өз тіршілігін тоқтатып мұхит түбіне батып, мұхит суынан бар оттегіні сіңіре бастайды. Нәтижесінде балықтар  тұншығып өледі немесе шығанақты тастап кетеді»,-дейді ғалымдар. Оттегі жоқ жердің ауданы Нью-Джерси аумағына жетіп, 20-22,5 мың шаршы шақырымды қамтуы мүмкін. Бұл бес жыл ішінде орта есеппен 15,5 мың шаршы километрге тең. Өлі зоналар немесе минималды оттегі аймақтары 200-800 метр тереңдікте кездеседі және әдетте судың жылынуынан және органикалық заттар концентрациясының артуынан туындайды. Сонымен бірге, компьютерлік модельдер келесі 20 жылда дүниежүзілік мұхиттағы оттегі деңгейінің төмендеуі мен өлі аймақтар санының артуын болжайды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар