Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Балабақшадан баласын алуға кеткен қарағандылық сол бойы көлігімен қоса жоғалып кетті

Балабақшадан баласын алуға кеткен қарағандылық сол бойы көлігімен қоса жоғалып кетті
ашық дереккөз
"Жаман ойдан аулақпыз, ол табылады деп үміттенеміз. Оны балалары, әйелі, қарт анасы және достары күтіп отыр"
Қарағандыда маусымның 14-інен бері техникалық байқау станциясының шебері, екі баланың әкесі Евгений Прокопчук іздестіріліп жатыр. Оның сол күні баласын балабақшадан алып кету үшін шығып кеткеннен, әлі қайтып оралмағанын хабарлайды KYN.KZ. "Ол ТБС-дан "Ниссан Альмерамен" шығып кеткен болатын. Бұл 14-ші маусым күні шамамен 16:00-де болды. Ол ұлына бару керек еді, алайда балабақшаға жетпеген. Оның телефоны үшінші тәуліктен бері сөндірулі тұр. Евгенийдің алты және үш жастағы екі баласы бар. Бұған дейін ол ешқашан жоғалып көрген емес", - дейді із-түзсіз кеткен ер адамның досы. Жоғалған ер азаматтың достары жеке Қарағандыдағы барлық аула, қонақ үй мен ауруханаларды қарап шыққан. "Евгений өте жауапты адам болатын. Оған көлігін жөндету үшін көптеген көлік иелері жазылатын. Ол ешқашан айырықша себепсіз тапсырыстарды үзбейтін. Жаман ойдан аулақпыз, ол табылады деп үміттенеміз. Оны балалары, әйелі, қарт анасы және достары күтіп отыр", - дейді Тимур. Егер де Евгений Прокопчук Александровичке қатысты қандай бір ақпарат білсеңіз, шұғыл түрде осы нөмірлерге хабар берулеріңізді сұраймыз. 8 778 082 49 06; 8 775 277 45 02.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар