Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қаракөз Сүлейменова " Досхан Жолжақсыновты сайқымазақ қылып масқара еттің" дегендерге жауап берді

Қаракөз Сүлейменова " Досхан Жолжақсыновты сайқымазақ қылып масқара еттің" дегендерге жауап берді
ашық дереккөз
Жолжақсыновтың жас келіншегін халық актердің отбасын ойрандап, енді оны күлкіге айналдырып жүр деп айыптаған еді.
Танымал актер Досхан Жолжақсыновтың жас келіншегі Қаракөз Сүлейменова сүйіктісінен гүл алған сәтін желіге жүктеймін деп басы дауға қалды. Көпшілік оны қартайған күйеуін жас балаша мазақ етіп, айтқанын бұлжытпай орындататынын біреулерге дәлелдегісі келеді деп айыптаған еді.
Видеодағы  актер мен оның әйелінің арасындағы диалогты тыңдағандардың көпшілігі болған жағдайды жағымсыз қабылдаған. Сондай ауыр сындарға Сүлейменова өз жауабын берді,  деп жазды  KYN.KZ. "Қалдарыңыз қалай, құрметті оқырмандарым? Досекеңнің гүл сыйлаған соңғы видеосына кешеден бері небір комментарий қалдырып жатырсыздар. Қазақшалап айтқанда сөздің түбін түсіріпсіздер. (Тәлпіш, әккі, қу әйел, жасанды, показуxа, жасыңа сай бол, Досxандай азаматты бала қылып, мақтаншақ, қойылым, ағаны клоун қылдың қайта-қайта салып, маxаббаттары күшті деген сайын дарақыланып, бала құсатып сүмірейтіп, біреуде өшің бар сияқты, маxаббатыңды кімге дәлелдей алмай жүрсің, біреудің отбасын бұзып, Досxанды ажырастарғансың, жараспайды, не тәрбие..т.б) осы сынды сөздерді жарыса қалдырған екенсіздер. Кеше Астанадан туыстарымыз келіп күні бойы қонақ күттім. Қазақпыз ғой дәм таттырып, сыйластық көрсету қанымызда бар. Содан кешқұрым серуендеп, әрі сергіп демалайын деп далаға шығып кеттім. Ауа райы да керемет болып тұрды. Таза ауада ұзақ жүріп қалдым. Содан мен шығып кеткенде Досxан үйге гүлімен келген екен. Оны қызым Ділдә көріп, мамам үйде жоқ деп вазаны беріп, өздерінше сюрприз дайындайды. Оған дейін де Досxан бір құшақ қызғалдақ алып келген. Шын көңілден берілген гүл болғасын ба, терезенің алдында өте ұзақ тұрды. Күнде таңертең сол гүлдердің суын ауыстырып, терезені ашып көңілім сондай көтеріліп жүрді. Тіпті соңғы екеуі бір біріне қарап майысып қураған екен. Досекеңе "қандай керемет, гүл қураған сайын жаңасын сыйлап тұршы, сондай жақсы көңіл күй сыйлайды" дедім. Отағасы да жарайды деп бір ауыз сөзін айтты. Сол үрдісті жалғайын деп ауладағы ападан бүкіл гүлін сатып алған екен. Содан менің үйге келгенімді күтеді. Ойымда түк жоқ, қолымда телефон ғана үйге кірдім. Қараңғы. Шам өшірулі. Досxан деп шамды жағып едім, қолында гүлімен мені күтіп тұр екен. Таңқалғанымнан "бұл не?" деп сұрадым. Бұл жерде сіздер айтқандай гүл екенін біліп бұл не деп тұрғаным жоқ, не себепті бұл гүлдер, қайдан келді деген ішкі қуанышым ғой.. Досекеңді қолындағы гүлімен көре сала телефонды қоса салдым. Сіздер айтқандай 2-3 дубльмен, қандай да бір сценариймен түсірілген жоқ. Бәрі қас қағым сәтте болған көңіл-күй. Тағы бір айтарлық дүние, бұл комментарилерді Досекеңе де көрсеттім. " Ту, шіркін-ай, ә, Қарагөз ,ешкімге ақталып, ештене жазба! Деген ел дей берсін" деді. Бұл жерде ешқандай жасандылық жоқ.",- деді  Қаракөз Сүлейменова. Оқи отырыңыз:

Айжан Байзақова АҚШ-қа көшкісі келетінін, Қазақстанда өзіне талай қастандық жасалғанын айтты

Байзақова: Ата-анам мұсылман болғанымен мен дінсізбін

Дана Тұрарбек: Академияда мұғалімдер мені шошқаға теңеп, Мадиярды ұсқынсыз деп 6 жыл оқудан құлатты

Ләйлә Сұлтанқызы өзін сұхбатқа шақырған Қарақатты састырып тастады (видео)

Сәуле Әбединованы бір топ әйелдің не үшін сабағаны анықталды

   
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар