Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Майғазиев "Музарт" тобы өзінің орнына жаңа әнші іздестіріп жатыр деген сұраққа жауап берді

Майғазиев "Музарт" тобы өзінің орнына жаңа әнші іздестіріп жатыр деген сұраққа жауап берді
ашық дереккөз
Әнші: "Мұзарт" тобын мүшелері бұған дейін ді талай мәрте тарап кетпекші болған.
Танымал әнші Сәкен Майғазиев Өнер академиясына проректор болып тағайындалғаннан кейін көпшілік оны "Мұзарт" тобынан кетіп қалды деп ойлады. Тіпті әншінің орнына жаңа орындаушы іздеп жатыр деген сөз де тарады. Майғазиевтің сөзінше расында "Мұзарт" тобының мүшелері бұған дейін бірнеше рет тарап кетпек болыпты. Топтың жұмысын тоқтатпау себеін әншінің өзі түсіндіріп берді, деп жазды KYN.KZ. "Біздер кезінде "Мұзарт" тобы болып жақсы танылдық, әндеріміз халық арасында жақсы тарады. Кейіннен Мұзарт Life жобасы жүзеге асырылғаннан кейін, біздер жолымызды сол жас буынға берсек пе деп ойладық. Енді біздер жігіттіктен аға буын болуға қарай кетіп барамыз. Жастар әрі қарай жүргізсе деп кеңестік. Өзіміз жеке шығармашылықпен айналыссақ дедік. Ол менің ғана ойым емес.  Мейрамбетің, продюсеріміздің шешімі болды. Шынында халық уайымдады. Бір жиында жиырма шақты адам отырған жерде осы пікірімізді айттық. Сол жерде Төреғали біраз үндемей қалыпты. Оны мен байқамаппын. Бір кезде "Төреш саған не болды?" деді арамыздағы кісілердің бірі. Сонда Төреғали "Мұзарт" тарқайды дегенге жүрегім сыздап, кәдімгідей алаңдап тұрмын. Осы кісілерге еліктеп талай жас сахнаға келді. Енді жол көрсетуші деп кімді көрсетеміз деп уайымдап отырмын" деп айтты. Бұл жалғыз мысал. Ел аралап концерт берген кезде талай тыңдарман осындай ойларын айтып жатты. Бізді халықтың ықыласы тарқатпай отыр. Ал, проректорлығыма келсем, қызметке шақыртылған кезде әншілігімді уайымдап бір апта ойландым. Содан жүгі жеңіл есек жатаған болады деп, айналамдағылардың кеңесімен барлығына үлгеремін деп жеңімді түріп кірісіп кеттім",- деді Сәкен Майғазиев Жанар Айжановаға берген сұхбатында.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Соңғы бірер күннің ішінде алты бірдей көзкөрген адамдарым бақилық болды. РАББЫМ сұрақтарын жеңілдетіп, қараңғы қабірін жарық қылғай. 😔 Баяғыда, қақпасы күміспен күптелген, ас-аяғы алтынмен апталған, үйір-үйір жылқысы, мыңғырған малы бар бай хәл үстінде жатып, өлімнен, қабірден қорыққаны сонша ұлдарына өлген соң қабіріне өзімен бірге бір тәулік түнеп шығуын сұрайды. Мезгілі жетіп, жерлейтін кез келгенде көрге кіруге ешкімнің жүрегі дауаламайды. Тоғайдан отын тасып, соны сатып күнелтіп жүрген тақыр кедейді тауып алып: "Әкемізді жерлегенде қабіріне бір тәулік түнеп шықсаң болды, ат басындай алтын береміз" деп, көндіреді. Бір тәуліктен соң әлгі бейбақты уәде бойынша қайта қазып алады. Көрден өңі қашып, шашы ағарып шыққан бейшара: "Ат басындай алтын түгіл тас берсеңдер де алмаймын"-дейді. "Мүңкір Нәкір (Қабірде сұрақ алатын періштелер) келіп сұрақ-жауап алғанда РАББЫМның АЛЛАh екеніне, Пайғамбарымыздың Мұхаммед (с.а.с) екеніне, кітабымның ҚҰРАН екеніне жауап бердім. Алайда,бір құшақ отынымды буып арқалап әкеліп жүрген арқанды қайдан алғанымды сұрағанда жауап бере алмай қиналдым. Ат басындай алтын үшін қалай жауап берем...", деп зар еңіреген екен. Біз ше?! 😔🤲🕌🕋👼🏻👨‍👩‍👦‍👦🌎📚🤝🏇🕊☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Оқи отырыңыз: Айжан Байзақова АҚШ-қа көшкісі келетінін, Қазақстанда өзіне талай қастандық жасалғанын айтты Байзақова: Ата-анам мұсылман болғанымен мен дінсізбін Дана Тұрарбек: Академияда мұғалімдер мені шошқаға теңеп, Мадиярды ұсқынсыз деп 6 жыл оқудан құлатты Ләйлә Сұлтанқызы өзін сұхбатқа шақырған Қарақатты састырып тастады (видео) Сәуле Әбединованы бір топ әйелдің не үшін сабағаны анықталды
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар