Басты жаңалықтар
Майғазиев: "91" тобы қазақ сахнасында есектердің көбеюіне жол ашты
- автор kyn.kz
- 16 маусым, 2019
- 277
Әнші: Мен оларды есек деп айтуға ұялмаймын да. Шындығында олар кәрістер шайнап тастаған сағызды алып шайнап жүр
Сәкен Майғазиев Қазақстан сахнасы мен телеарналарында еркін образда ән салып жүрген жігіттерді қатаң сынады. Білдей бір өнер ордасының проректоры шаштарын бояп, сырға таққан әнші жігіттерді ешекке теңеді, деп жазды KYN.KZ. "Қазір мен "91" тобын айналайын деп қалдым. Соларға еліктеген небір сорлы балалар көбейіп кетті. Бір бағдарламада сұхбат беріп отыр. "Абай жолын" кім жазғанын білмейді. Міне нағыз есектер. Өкінішке орай солардың көбеюіне сол "91" тобы себепші болды.
Солар негізі өздерін керемет жастардың мәдениетін дәріптеп, заманауи ән салып жүрміз дейді. Шынын айтсақ олар кәрістер шайнап -шайнап түкіріп тастаған сағызды алып шайнап жүр. Осы қыз сияқты майысқан жігіттерге ашуым келеді.
Көргенде күш қолданғым келіп кетеді. Ең өкініштісі сол сондай ешектердің құқығы заңмен қорғалған. Киім үлгілері не қатын, не еркек екенін ажырата алмау нағыз сорлылық деп ойлаймын",- деді Сәкен Майғазиев Жанар Айжановаға берген сұхбатында. Оқи отырыңыз: