Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Журналист Ирина Советжан ажырасқан кезде өзін кездесуге шақыраған танымал кісілер жайлы айтты

Журналист Ирина Советжан ажырасқан кезде өзін кездесуге шақыраған танымал кісілер жайлы айтты
ашық дереккөз
Журналист ажырасудың алдында тұрған ерлі-зайыптыларға қайталамасын деп өзінің қай жерден қате кеткенін түсіндірді
Танымал тележурналист Ирина Советжан соңғы кездері жастау кезінде күйеуімен ажырасып, екі баласын өзі ғана бағып, өсіргені жайлы ашық айтып жүр. Ол жастау кезде талай қиындықты "өзім шешемінге" салып, күйзеліске түсіп, артық салмақ жинап алғанын да жасырмайды. Осы ретте журналист жас сіңлісіне өз қателігін қайталамасын деген мақсатпен өзінің қай тұста "қалт" кеткенін түсіндіруге тырысты. "Ажырасқан әйелдерді екінші сорттағы адам ретінде қабылдайтындар көп. Мүсіркейтіндер де бар. Тіпті, бізге "жеңілтек" адам ретінде қарайтындардың көптігін күйеуімнен бөлек тұра бастаған алғашқы жылдары байқайтынмын. Бір атақты кісі "свиданиеге" шақырып, бармай қойғаным үшін, жұмысқа да алмай қойған. Қазір күліп еске аламын. Сол кезде өте ауыр қабылдаған едім. Кейбіреулердің саған жаны ашығансып, кемсіткісі, төмендеткісі кеп тұратын қылықтарын да ажырасқан алғашқы жылдарымда байқадым. "Жақсы әйел жаман еркектің басын төрге сүйрейтін еді" деп бар кінәні саған артып қоятындар да осы кезде ақыл айтқыш. "Күйеудің басқаға көз салуы, кетіп қалуына тек әйел кінәлі" - дейтін біржақты кінәлаудан мен де өткенмін. Отбасын сақтап қалудың кілті - тек әйелдің ғана қолында болса, мен де барымды салатын ем. Мүмкін, сол сәттегі күшім жетпеген болар. "Баланы әкесіз өсіруге болмайтынын" басқалар айтпаса да білсең де, білмегендей кейіп танытып жүру, "сәл шыдай салғанымда ғой" дейтін өзекті өртейтін өкініш менде де болған. Бірақ қырсық мінезім - ақылымнан жоғары тұрып алды. Ақылға салсам, екеуміздікі де дұрыс емес, мінезге салсам, оныкі дұрыс емес болып тұратын. Қаттылығым соншалықты, көзімнен жас шықса, ешкім көріп қалмаса екен деп жаным шығатын. Депрессиямды шығарып тастаудың орнына, жұта бергенмін. Балаларды дүниеге әкелгенде, өзгермеген сымбатым өзгеріп, тола бастадым. Бұл - менің толықтықпен достаса бастаған кезім( Ажырасып кеткен күйеуге - өзіңнің мықтылығыңды дәлелдеудің қажеті жоқ! Керісінше, әлсіз екеніңді сездір! Оның қамқорлығына зәру екеніңді білдір. Менің қателігімді қайталама!",-деп жазды журналист Ирина Советжан.

Тағы оқи отырыңыз:

Керменбаев Хамитованың айыптауларына қатысты өз жауабын айтты

Ринат Заитов: Халқым, мен Қосановқа алданып қалдым (видео)

Айжан Байзақова АҚШ-қа көшкісі келетінін, Қазақстанда өзіне талай қастандық жасалғанын айтты

Байзақова: Ата-анам мұсылман болғанымен мен дінсізбін

Дана Тұрарбек: Академияда мұғалімдер мені шошқаға теңеп, Мадиярды ұсқынсыз деп 6 жыл оқудан құлатты

Ләйлә Сұлтанқызы өзін сұхбатқа шақырған Қарақатты састырып тастады (видео)

Сәуле Әбединованы бір топ әйелдің не үшін сабағаны анықталды

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар