Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әбунасыр Серіков Шырынмен не себепті ұрысып қалғанын түсіндірді

Әбунасыр Серіков Шырынмен не себепті ұрысып қалғанын түсіндірді
ашық дереккөз
Актер қазақтың сәукелесін мазақ еткен Нарчаевамен бір киноға түспейтінін айтып, оны көпшіліктің көзінше ұрысып тастаған еді
Әбунасыр Серіков елді өзіне қаратқан шулы жағдайға байланысты пікір білдірді. Ол не себепті Шырын Нарчаеваның желідегі қылығын бетіне басып, бірге киноға түскісі келмегені туралы "Жұлдыздар жарқырайды"  бағдарламасында айтты, деп жазды  KYN.KZ.
Шырын мен Серіковтың түсірілім кезіндегі жанжалдасқан видеосы желіде тарап көпшіліктің сынына қалған еді. Халықтың бір бөлігі мұны актер  хайп үшін жасады десе тағы біраз адамдар "Шырынды солай жазалау керек" деп жатты.
Осындай болжамдардың нүктесін қою үшін актердің өзі болған жағдайдың ақиқатын ашты.
"Соңына дейін екі күн қалған кезде, мен ол қызбен түстім. Алдында ол қызды таныған жоқпын. Сосын мен оны танығаннан кейін, кім болса да мен оған қарындасым ретінде айттым: "Мына істеп жүргенін не? Ертең сексенге келген кезде ұрпақтарың не дейді? Көрсетіп тұрғаның не?" дедім.
Ақыл айтқан сайын, кейбіреулер түсінбейді ғой. Продюсерлер мен режисерларға қалған екі күн түспейтінімді айттым. "Қалай монтаж жасайсыңдар өздерің білесіңдер" деп кетіп қалдым. Ол видеоны кім түсіріп алғанын да білмеймін. Бір жағынан ораза кезі болды. Ол қызға қатты айтып қойған шығармын" , - деді актер.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар