Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қыз бала уақытынан бұрын дүниеге келді: Альбина Шардарова босанатын күні үйінде жалғыз қалып қойған

Қыз бала уақытынан бұрын дүниеге келді: Альбина Шардарова босанатын күні үйінде жалғыз қалып қойған
ашық дереккөз
Жұлдызды жұп тұңғыштарына қандай есім бергендерін айтты
Альбина Шардарова мен Бауыржан Сатов тұңғыштарының уақытынан бұрын дүниеге келгені және оған қандай есім бергендері жайлы айтты, деп жазды KYN.KZ "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасай отырып. Толғағы қысқан кезде әнші үйінде жалғыз қалып қойыпты. Жайсыздықты сезген ол бірден күйеуіне хабарласқан.  Тқңғыш баладан қандай әрекетке барарын білмей тұрған қос ғашықтың ата-анасы да сол күні іссапармен басқа қалада болыпты. "Мен бірден жұмыстарымды тастап үйге қарай ұштым. Жол бойы дәрігеріне хабарласып, жағдайды түсіндірдім. Анам бірге кіруі керек болған. Ол кісі басқа қалада болып қалды. Негізі екі аптадан кейін дүниеге келеді деген болатын бізге. Барлық жоспарды сол кезге дайындап едік. Қызымыз ертерек шығуды қалаған болар. Содан Анама хабарластық, сөйтіп жүргенде бес сағаттың ішінде қызды болдың деген хабар алдым. Алғаш көргенде Альбинаның кеудесінде жатыр екен. Маған көбірек ұқсайтын сияқты. Мұрнығ аузы тура мен. Оны айналамыздағылар да айтып жатыр. Есіміне келер болсақ, мұсылманша болсын деп арнайы кітап сатып алып оған лайықты ат іздеді. Сөйтіп ақылдаса келе Жасмин қойдық",- деді Бауыржан Сатов.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

👼💞 📷 : @photographerok 💄 : @marzhanmua_ 👱‍♀️ :@aks.raii

Публикация от Альбина Шардарова👑Сатова☺️🌸 (@albina.shardarova)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар