Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бас сүйегіне пышақ қадалып қалған жасөспірім ғажайыптың күшімен аман қалды

Бас сүйегіне пышақ қадалып қалған жасөспірім ғажайыптың күшімен аман қалды
ашық дереккөз
Ойнап жүріп пышаққа өзі құлаған баланы бетін қан жапқан күйі анасы ауруханаға алып барған.
Американың Канзас штатында жасөспірім бала басына кірген пышақтан аман қалды. деп KYN.KZ Inside Edition сілтеме жасай отырып хабарлайды.  Бұл жағдай 15 маусым күні орын алды. Илай Грегг ауласында достарымен ойнап жүрген сәтте пышақтың үстіне құлаған. Анасының айтуы бойынша, сырттан шыққан айқайды ести сала, қан-қан ұлының басына кірген пышақты көріп, лезде ауруханаға жеткізген. Алайда, аурухана қызметкерлерінің бұл жағдайға көмектесе алмау себебінен дәрігерлер басқа ауруханаға жіберуге мәжбүр болған.   Олардың айтуынша, пышақ бас сүйекке кіріп, ұйқы артериясын жарып жібере жаздап, оң жақ көзі көрмей де қалған. Бұның салдары инсультке алып келуі мүмкін еді.  Хирургтардың уақытылы көрсеткен көмегінің арқасында, өміріне еш қауіп төнбей аман алып қалды. Осы уақыт аралығында дәрігерлердің қатаң бақылауында жатқан Илай Грегг тек анасымен ғана көрісіп тұрады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар