Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қайрат "Шымкенттің Құрметті азаматы" атанғанын сынағандарға жауап берді

Қайрат "Шымкенттің Құрметті азаматы" атанғанын сынағандарға жауап берді
ашық дереккөз
Көпшілік әншіге "енді тегін автобуспен жүресіз бе?" деген сұрағына жауап алды
"Шымкенттің Құрметті азаматы" мәртебесін алған әнші өзін сынап, келемеждегендерге өз жауабын берді, деп жазды KYN.KZ.
Әнші өзіне құрмет көрсетіп жатқан халқына алғыс айта отырып ел тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді.

"Әркімнің ойы әртүрлі. Бес саусақ бірдей емес. Кім қалай ойлайды, бәрі тек бір Алланың қалауымен болып жатыр. Маған не десе де, сол кісілердің ұрпағына, отбасына осындай мәртебе бұйырсын деп тілеймін", - деді Қайрат Нұртас.

Айта кетейік, "Құрметті азамат" атағын алғандар Шымкентте қоғамдық көліктермен тегін жүреді.

"Алдағы уақытта автобуспен тегін жүру мүмкіндігін пайдаланасыз ба?" деген сұраққа өнер иесі:

"Бұл өмірде не болатыны тек бір Аллаға ғана аян, басымызға түскенін көремін", - деп жауап берді.

Әнші тура осы атақтан қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Қайратқа ол неге керек? Оданда бұл атақты бәленбай жыл мұғалім болған адамға берсек ол атаққа қоса  берілетін жеңілдікті пайдаланады,  дегендер көп еді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар