Оның сөзінше, апат жанармай құйғаннан кейін, әуеге көтерілу кезінде болған. Олар алғашында тарс еткен дауысты естіген, сосын жанып жатқан ұшақты көрген.
"Біз жүгіріп бардық. Су таситын көлік болған. Сонымен ұшақты сөндіре бастадық. Ұшақтан адамның дауысын естідік. Ол көмек сұрап, айғайлады. Тесіктерді тесіп, сосын оны алып шықтық", - деп еске алды Виктор.Оның сөзінше, қаза болған ұшқыш ішінде болған. Ал зардап шеккендер ұшақтың жанында жатқан.