Басты жаңалықтар
Сот үкімі шықты: Құсайнов әуежайдағы жасаған әрекетіне қатты өкінетінін айтты
- автор kyn.kz
- 20 маусым, 2019
- 267
Мұрат Құсайнов осы іс бойынша сот қа жүгіріп жүріп денсаулығына нұқсан келтіріп алған
Әуежайда болған жағдайдан кейін басы дауға қалған «Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты сот үкімі оқылды.
Елордалық сот музыкантты айыпты деп танығанымен, оны жазаға тартпады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Композитор сот отырысы барысында өзін түсіруге қарсы болды. Мұрат Құсайыновқа қатысты істі қараған судья оны кінәлі деп таныды. Алайда өз әрекетіне ұзақ уақыт өкінгені себепті жауапкершіліктен босатты. Судья мұндай шешім шығарарда Құсайыновтың еліміздің мәдениетіне сіңірген еңбегін ескеріпті. Бұл заңда да қарастырылған.
Осылайша, музыкант сот отырысының барысында полиция өкілімен ымыраға келді.
Есте болса 14 сәуірде Құсайнов әуе компаниясының қызметкерлерімен түсінісе алмай қалған еді. Компания қызметкерлері өздеріне дауыс көтеріп, тіпті бірін шапалақпен тартып жіберген әртісті ұшаққа отырғызбай қойған еді. Осы кезден басталған шуға Елордалық сот нүкте қойды.