Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда полицейлерден ақша жинаған подполковник айыппұлмен құтылып кетті

Атырауда полицейлерден ақша жинаған подполковник айыппұлмен құтылып кетті
ашық дереккөз
Жоғары шенді азамат қоластындағыларға өкілетін асыра пайдаланып, айына белгілі мөлшерде ақша талап етіп отырған.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім болды. Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұдан бұрын Атырау полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, подполковник Жұмашев және бөлімше бастығы, аға лейтенент Балтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын. Полицейлер лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалана отырып, қызметте жалпы қамқорлығы үшін қарамағындағылардан пара алу күдігіне іліккен еді. Сонымен қатар, олар қызметкерлерді есептелген сыйақы төлемдерінің 50 пайызын беруге мәжбүрлеген. «Сот үкімімен оларға айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына шеттетілді. Мұнымен қоса, бұрынғы полицейлер арнайы шендерінен де айырылды», - делінген таратылған мәліметте. Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы полиция қызметкерлері арасында заңсыз ақша жинау фактісін анықтаған болатын.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар