Басты жаңалықтар
Сириядан құтқарылған 19 жастағы жігітке Қазақстан соты үкім шығарып, қамауға алынды
- автор kyn.kz
- 21 маусым, 2019
- 210
Жігіт Сирияда жүріп Ислам мемлекеті ұйымының операцияларына қатысқан болып шықты
Орал соты Сириядан Қазақстанға жеткізілген жігітке үкім оқыды.
Жігіттің ата-анасы ол бала кезде өздерімен бірге Сирияға алып ертіп кеткен, деп жазады "Уральская неделя" басылымы. Жігіт Қызыл Крест ұйымының қызметкерлері тұтқыннан босатқан соң, 2019 жылдың қаңтарында Қазақстанға келіпті.
Туған қаласына келе салысымен құқық қорғау органдары жігітті уақытша ұстау абақтысына қамап, қылмыстық іс қозғады. Тергеу мәліметінше, ол тыйым салынған Ислам мемлекеті ұйымының операцияларына қатысқан.
"Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөліміне (Террорлық ұйымдарға қатысу) сәйкес айыпты деп таныды және сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті", - деп судья Нәйла Жүнісова үкімді оқыды.
Жігітке бұл бап бойынша ең жеңіл жаза беріліпті. Сонда да әпкесі сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеді. "Ол ешқашан әскери қақтығыстарға қатысып, теракт ұйымдастырған жоқ. Тергеудің бар дәлелі – оның Сириядағы әскери лагерьде болғандығы. Онда күштеп апарды емес пе", - дейді жігіттің әпкесі. Туыстарының айтуынша, сотталған жігіттің ата-анасы 15 жасында ұлын Түркияға алып кетіпті. Отбасында бір қарындасы бар екен. Жігіттің анасы қарындасымен Түркияда қалады да, әкесі ұлымен бірге Сирияға аттанады. Бір жылдан кейін 16 жасқа толғанда, бозбаланы әскери дайындық лагеріне алып кеткен. Бұл жасөспірімдерге міндетті шарт, дейді жігіттің туыстары. Бір жылдан кейін ол лагерьден қашып кетіп, күрдтердің тұтқынына түсіп қалады. "Тұтқында отырып Қазақстан үкіметіне, Қызыл Крестке босатуды сұрап хат жазған. Қазақстанға, туыстарына оралғысы келген еді", - дейді жігіттің әпкесі. Қазір сотталған жігіттің отбасы да Қазақстанда. Әкесі терроризм және экстремизм үшін айыпталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Келесі мақала