Басты жаңалықтар
Жаңа туған сәбидің бойындағы табиғи инстингтер мен физикалық, психологиялық жағдайы
- автор kyn.kz
- 21 маусым, 2019
- 3.1k

Бала мүшелерінің максималды және минималды өлшемдері
Жаңа туған нәрестенің бойында бірден еміп кету сияқты бірталай табиғи инстинг болады. Талай жыл зерттеу жүргізген ғалымдар нәтижені адамдар игілігіне пайдалансын деген ниетте жиі айтады.
Мысалы, жаңа туған баланың ауыз қуысын көргіңіз келсе бас бармағының ішкі жағын басыңыз. Балаға дәрі ішкізуде осы әдіс өте пайдалы. KYN.KZ сайты назарларыңыза жаңа туған баланың физикалық, психикалық дамуына қатысты ең маңызды деген ақпараттарды ұсынады.
Жаңа туған нәресте үшін ең маңызды – анасының құшағы, жылулық пен емшек сүті. Сол себепті, дәрігерлер туған нәрестені бірден анасының құшағына бастырады. Осылайша анасы ағзасы да баланың аман-есен туғандығына да инстинкт танытып, оны емізу мен қамқорлыққа алу жөнінде сигнал жібереді. Жаңа туылған нәрестенің бой мен салмағы
Орта есеппен, жаңа туған нәресте салмағы 3-4 кг-ды құрап, бойы 52 см-ге жуық болады. Денес мен басы үлкенеу болып, аяқ-қолдары әлсіздеу және қысқа келеді. Басы салмақтың ¼ бөлігін құрап, алғашқы апталарда эмбрион қалпында болады. Жаңа туған сәбидің көзі қызғылт болып, ісініп тұруы мүмкін. Бала дүниеге келген алғашқы минутында, дәрігрлер АПГАР шкаласымен бағаланады. Ол бой мен салмағынан бөлек жағдайларды қарастырып, төмен шкала көрсетсе реанимацияға көшірілеід. АПГАР шкаласы
Әдетте 7-9 балл жинайды. Егер 6 баллдан төмен болса оған көмек көрсетіледі. Ал, 5 минуттан кейін дәрігер сәбиді қайта қарап, акушер салмағы мен бойын өлшейді. Сосын баланы орап, жылыту лампасына салады.
Жұдырығын түйіп, аяқ-қолын бүгіп, жиі қозғалтады. Көру мен есту анализаторлары қимылдау анализатолрларынан жақсырақ жұмыс істейді. Мысалы алғашқы күннен-ақ адамдарға немесе түрлі-түсті ойыншықтарға назар аудара бастайды. Адамға назарын ұзақ ұстап тұра алмаса да, 10-15 күннен кейін әдетке айналдырады. Адамдардың сөздерін тыңдап, дауысты дыбыстар шығара бастайды. Дәрігер тексерісі Перзентханада неонатолог-дәрігер сәбиді күнделікті бақылап тұрады. Дәрігер баланың жағдайы жақсы екендігіне көз жеткізіп, сәбидің басынан бастап саусағының ұшына дейін тексеріп отырады. Неонтолог сізге:
Жаңа туылған нәресте | мин | макс |
Салмақ (ұл), кг | 2,9 | 3,9 |
Салмақ (қыз), кг | 2,8 | 3,9 |
бой (ұл), см | 48,0 | 53,5 |
бой (қыз), см | 47,5 | 53,1 |
бас өлшемі (ұл), см | 33,7 | 36,7 |
бас көлем (қыз), см | 32,5 | 35,5 |
кеуде көлемі (ұл), см | 32,3 | 36,8 |
кеуде көлемі (қыз), см | 32,0 | 36,0 |
балл | 0 | 1 | 2 |
Тері түсі | бозғылт | көгерген | қызғылт, қызыл |
Демалысы | демалыссыз | құбылмалы, әлсіз | қалыпты, дауыстап жылау |
Жүрек қағысы | соқпайды | 120 соғыс/мин аз | 120 соғыс/мин көп |
Рефлекс | жоқ | Бет-жүзін аздап қимылдату | жөту, түшкіру, жылау |
Бұлшықет тонусы | қимылсыз | Соң жақтары бүгілген | Аяқ-қолын жиі қозғалтады |
- Баланың жағдай жайлы айтып;
- Қажетті сұрақтарыңызға жауап беріп;
- Балаға дұрыс қарау және емізу жайлы кеңестер айтып;
- Баланың әлсіз тұсы болса, емін жазып беруге міндетті.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025