Басты жаңалықтар
4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды
- автор kyn.kz
- 19 маусым, 2019
- 3.0k

Әр бала әртүрлі дамиды. Біз тек дәрігерлердің орташа есеппен жасап берген тұжырымын ұсынамыз. Егер балаңыздың бойында әрекеттенуі байқалмаса еш мұңаймаңыз. Себебі әр баланың өз даму ерекшелігі мен өзіндік сара жолы бар.
4 айлығында нәрестелердің көпшілігі айналасында қызығушылық танытып, қолына бір затты ұстауға икемделеді. KYN.KZ сайты назарларыңызға төрт айлық сәби не жасай алу керек, бойы мен салмағы қандай болғаны дұрыс, осы сынды көптеген сұрақтарға жауап беріп көрді. Олардың қозғалысы тұрақталып, мойыны қатая бастайды. Бастапқы айлардағы секілді құбылмалы болмайды. Қолдарын созып, ойыншықтарды ұстауға ұмтылады, арқасымен айналып, етпетінен жата алатын болады. Сондай-ақ, қанық түсті заттарға көзі түсіп, әуендерді де естейтін болады. 4 айлық сәбидің тамақтануы Бұл кезеңде тек қана емшек сүтімен ғана қоректенеді. Өйткені, суға болмаса басқа да қосымша тамақ беру әлі ерте. Оның ішегі бұндай тамақтарды қорыта алмайды. Ана сүтін ему барысында емшекті иегімен тістеп алуы әбден мүмкін. Бұл сәбидің анасынан бөлінуінің бірден-бір себебі. Ананың шошып, айқайлауы қалыпты жағдай. Бала анасының сол әрекеттерін бақылап отырады.
4 айлық бөпенің тағы бір ерекшелігі, ему кезінде айналасына жиі алаңдайды, ол уақытта балам тойды екен деудің қажеті жоқ. Сәби бұл әрекетімен анасын тексеріп жатыр. Ресейлік педиатрлар ұсынған бой мен салмақ стандарты
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының тұжырымы
Төрт айында бала үлкендердің тамақтануына қызыға қарайды. Аузына салғанын, шайнағанын бақылап отырады. Ұйқысы: Кей балалар күндіз аз уақыттан үш бөліп ұйықтап алғанды әдетке айналдырады.
5-ші ай | мин | макс |
Салмақ (ұл) кг | 5,5 | 7,6 |
Салмақ (қыз) кг | 5,4 | 7,0 |
Бойы (ұл)см | 58,7 | 64,5 |
Бойы (қыз) см | 58,4 | 64,0 |
Бас өлшемі (ұл) см | 40,2 | 43,6 |
Бас өлшемі(қыз)см | 39,1 | 42,2 |
Кеуде көлемі (ұл)см | 38,6 | 44,6 |
Кеуде көлемі (қыз)см | 38,9 | 43,0 |
4 ай | минималды | максималды |
ұлдың салмағы | 5,6 | 8,7 |
қыздың салмағы | 5,0 | 8,2 |
ұлдың бойы | 59,7 | 68,0 |
қыздың бойы | 57,8 | 66,4 |
ұлдың бас өлшемі | 39,2 | 44,0 |
қыздың бас өлшемі | 38,1 | 43,1 |
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025