Басты жаңалықтар
5 айлық сәбидің дамуы: еңбектеуге дайындалып, тісі шыға бастайтын кез
- автор kyn.kz
- 19 маусым, 2019
- 5.1k

Бес айлық бала түрлі тамақтардың дәмін татып, үлкендердің тамақтануына қызығады
Бес айлық сәби еңбектеуге дайындалады: кіндігімен айналып, жылжи бастайды. Үлкендердің асына қызыға қарап, қолына түскенді аузына лезде салады. KYN.KZ сайты назарларыңызға бес айлық баланың қабілеті мен қимыл- қозғалысы, бой, салмақ өлшемдерін ұсынады.
Көп жағдайда тісі де дәл осы уақытта шығады. Сондай-ақ, айналасындағы жақын адамдарды тани түседі. Олардың әртүрлі сөйлеу әдебін де байқайды. Ішімен жатып жылжып, аяғын да қозғалтады. 5 айлық бөпе ересектің көмегімен отыра алады және аяғын басып тұра алады. Егер қолына ойыншық беретін болсаңыздар, оны уысынан шығармастан біраз уақыт ұстайды. 5 айлық сәбидің тамақтануы Тамақтану – емізу. Ұйықтар алдында, оянғанда емізесіз. Осылай күнделікті жалғасады. Нәрестені емізу барысында ол әр нәрсеге қызығушылық танытып, естіген қыбырдың бәріне алаңдайды. Алаңсыз емсін деп, тыныш жер іздеудің мүлде қажеті жоқ. Бұл заңдылық.
Егер балапаныңыз, сіздің тамағыңызға жармасып, беруді өтінсе, онда кішкене мөлшерде пайдалы өнімді беріп, үйреткеніңіз абзал. 5 айлық нәрестенің күтімі Сәбиіңіз кіші дәретке 30-40 минут аралығында баратын болады. Осы мәселе бойынша алаңдап жүрген болсаңыз, мүлде қобалжудың қажеті жоқ. Ресейлік педиатрлар ұсынған стандарт
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының тұжырымы
5-ші ай | мин | макс |
Салмақ (ұл) кг | 6,1 | 8,3 |
Салмақ (қыз) кг | 5,9 | 7,7 |
Бойы (ұл)см | 61,1 | 67,0 |
Бойы (қыз) см | 60,8 | 66,0 |
Бас өлшемі (ұл) см | 41,2 | 44,6 |
Бас өлшемі(қыз)см | 40,3 | 43,2 |
Кеуде көлемі (ұл)см | 40,1 | 45,7 |
Кеуде көлемі (қыз)см | 40,3 | 44,5 |
5 ай | минималды | максималды |
ұлдың салмағы | 6,0 | 9,3 |
қыздың салмағы | 5,4 | 8,8 |
ұлдың бойы | 61,7 | 70,1 |
қыздың бойы | 59,6 | 68,5 |
ұлдың бас өлшемі | 40,1 | 45,0 |
қыздың бас өлшемі | 38,9 | 44,0 |
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025