Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Беспаев: Зоб деген жаман, Сеулге жылына екі мәрте барып тексеріліп тұрамын

Беспаев: Зоб деген жаман, Сеулге жылына екі мәрте барып тексеріліп тұрамын
ашық дереккөз
Әншінің сөзінше Қазақстанда медициналық қызмет көрсету өте төмен. Палаталардың кірінен емделмек түгілі жаңа ауру жұқтырып алуға болады.
Әнші Мейрамбек Беспаев Қазақстандағы медициналық көмек көрсету деңгейінің өте төмендігіне қынжылатынын айтып қалды. Қалқанша безіндегі өзгерістер бойынша үнемі дәрігердің қадағалауында жүрген Беспаев өзге елдің мамандарына қаралуға мәжбүр екенін айтып қалды, деп жазды KYN.KZ "Сеулде дәрігерлер өте жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Ол жақта науқасты емдеу жолдары біршама басқаша. Олар біздің елден қайда алдыға шығып кеткен. Жылына екі рет барып, қан тапсырып, тексеруден өтіп тұрамын. Соңғы барған тексерістің қорытындысы келді. Алаңдайтын ештеңе жоқ. Тек қадағалап, күтініп жүру керек екен. Жақында анам науқастанып ол кісі жатпаған, басқа ауруханаға кіріп көрдім. Өте лас. Адам ана жерден тағы бірнеше ауру тауып кетеді. Қалай бізде әлі соншалықты тазалық мәселесін шеше алмаймыз деп кейде көңілің түсетін сәттер болады",- дейді әнші. Әнші демалатын кезде де көп жағдайда шетелге барады екен. Оның ішінде Түркияны ерекше атап өтті. "Түріктерге рақмет, барлық жағдайды жасап қойған. Жылына бір мәрте  отбасыммен барып демалып тұруды әдетке айналдырып үлгердік. Кейде Кәусарға  "Жақсы оқысаң қыста бір рет, жазда бір рет" баратын боламыз деймін. Өзіміздің сарыағашқа барғың келеді демалыс болмайды. Алакөлге барғың келеді жол жаман, қымбат, сервис жоқ. Содан ол қандай демалыс болады? Кәусар әлі бала сондықтан оған шомылу қызық.  Қазірдің өзінде өсіп қалды, алдағы уақытта еуропаны, тарихы тереңде жатқан көптеген елдерді аралатып, таныстырсам деген ниетім бар",-  деді әнші
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар