Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Хамитова Сивидің продюсер болудан не себепті бас тартқанын айтты (фото)

Хамитова Сивидің продюсер  болудан не себепті бас тартқанын айтты (фото)
ашық дереккөз
Жанар: Менде жеке басыма қатысты мәселе көп. Расымен мен психолог маманына барып ем алсам деп отырмын.
Жанар Хамитова он бір жыл өткеннен кейін сахнаға оралып, барша көрермендеріне ерекше тағдырын айтып, елді аузына қаратқан еді. Далада қалдым деген әншіні Сиви Махмуди өз панасына алып, оған бірталай ән жаздырып, бірнеше клип те түсіріп үлгерген еді, деп жазды KYN.KZ. Артынша әнші әрі продюсер Жанардың мінезі құбылмалы екенін айтып, бірге жұмыс істеуді тоқтатқысы келетінін мәлімдеді. Сиви Махмуди Жанардың құбылмалы мінезінің кесірінен бірге жұмыс істеуді тоқтатамын деп шешім қабылдаған еді. Хамитованың өзі продюсеріне не мінез көрсетіп, не себепті шаршатып жүргенін айтып берді. "Мен күнде ажырасып жатқан жоқпын.  Жаным тыныш емес. Сивимен бізде келісімшарт қағаз жүзінде  болған емес. Біздер дос болып кеттік. Мен негізі сахнаның емес, үйдің адамы сияқтымын. Миым тыныш емес. Жүйкем шаршаған, несін жасырайын күйзелістен арыла алмай жүрмін. Қыркүйекте жоспарланған концерттер бітеді. Сол кезде жұмысты тоқтатамыз. Мен емделемін. Қазір бірінші орында денсаулығым маңызды. Жақсылап емделіп, жан дүниеммен жұмыс істеймін. Содан кейін әншілікке қайта ораламын ба, жоқ па уақыт өзі шешіп береді деп ойлаймын. Бұл жерде Сиви меннен бас тартып жатыр деген сөз емес. Ортақ шешім",- деді Хамитова. Одан бөлек әнші Абукай жайлы өз ойын айтты. Себебі көпшілік Жанардың мінезі дұрыс емес, барлығымен ұрысып, тарқасып кетебереді деп сынайды екен. "Абукаймен қазір жақсымыз. Достастық. Онымен клип түсіруге ұялып жүрімн. Бағдарламадан кейін хабарласып, сөйлесіп түсіністік қой",- деді  Жанар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар