Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Арыста оннан астам адам жараланды: үш адам ауыр халде ауруханада жатыр

Арыста оннан астам адам жараланды: үш адам ауыр халде ауруханада жатыр
ашық дереккөз
Шымкенттегі бірінші қалалық ауруханаға Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жеткізіле бастады.
Аурухананың бас дәрігері Абылай Бонбай үш адамның қазір ауыр хәлде жатқанын хабарлады. Барлығы он шақты адам ауруханаға түскен.

"Зардап шеккендер жеткізіле бастады, оларды қабылдап, қажетті көмектің бәрін көрсетіп жатырмыз", - деді аурухана дәрігері.

Айта кетсек, Арыстағы төтенше жағдайларға байланысты Ордабасы ауданында дәрігерлік штаб құрылған. Оны Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мұқан Егізбаев басқарады. Жедел жұмыстар жүргізілуде. Арысқа 30 жедел жәрдем жіберілді. Қажет болған жағдайда бірнеше ауданнан қосымша жедел жәрдем көліктері дайындалады, деп хабарлады өңірлік сайт. Дүйсенбі Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жойқын жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар