Басты жаңалықтар
Арыстағы апаттан "Бөген" су қоймасы жарылып кетеді деген ақпарат жалған
- автор kyn.kz
- 24 маусым, 2019
- 1.3k
Бұл жөнінде аудан әкімінің қызеткерлері ресми мәлімдеме жасады
Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан «Бөген» су қоймасына қауіп туындағаны туралы ақпарат жалған. Бұл жөніндеТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан «Бөген» су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз», - деді әкімдіктен. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы комиссия оқиға орнында жүр.
Арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқыққорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар: 1.Ақдала бұрылысы 2. 41-разъез 3. «Водозобор» бағытында лагерьлерге орналастырылады.
«Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда. Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады. Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде.
Сондай-ақ,Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде», - деді облыс әкімдігінен.