Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Барлығын қайта жасап береміз":Тоқаев аурухана мен мектептердегі арыстықтармен кездесті (видео)

"Барлығын қайта жасап береміз":Тоқаев аурухана мен мектептердегі арыстықтармен кездесті (видео)
ашық дереккөз
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мал-жайын тастай қашқан тұрғындардың алдына келіп, апаттан болған шығынды мемлекет өтеп беретінін айтты.
Тоқаевтың халықпен жүздескен сәтін  президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді. Онда халық ел президентіне жағдайын айтып, сұрақтарға жауап алған, деп жазды  KYN.KZ. "Ремонт бәрін жасап береміз. Үкімет шығынды санап аламыз. Қаражатты бөлеміз. Мемлекет бар шығынды мойнына алады. Бәрін түсініп отырмын. Көмектесеміз, алаңдамаңыздар. Әдейі келіп отырмын",- деді Қасым - Жомарт Тоқаев Шымкент қаласында мектептің қысқы спорт залын паналап отырған халықтың алдына шығып. Президенттің үміт сыйлаған сөзінен кейін көзіне жас алғандар да болды. Тоқаевтың уәделеріне риза болған халық оны қол шапалақтап шығарып салды. Арыс қаласында әскери база  24.06.2019 жылы таңғы  09:20 шамасында  жарылып бастаған еді. Түске дейін бірінен кейін бірі жарылған әскери қарулардан зардап шеккендер саны елуден асып кетті. Халық үйлері мен малдарын тастап қаладан шығып кетуге тырысты. Көлігі барлар көлікпен, қалғандары жаяулатып қыр мен сайды паналауға мәжбүр болды. Ата -  аналарынан адасып қалған төрт жүзге жуық бала желінің, белсенділердің көмегімен жақындарымен қауышып жатты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Тоқаев далада қалған Арыс халықымен кездесті

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Көпшілік қара жамылған халықтың хәлін сұрап барған президентке ризашылықтарын білдіріп жатыр.Тек президент уәдесі сөз күйінше қалып қоймаса екен дейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Тоқаев ауруханада жатқан Арыс халқымен кездесті

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар