Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтардың банктегі қарызы кешірілді: мемлекет кімнің қарызын қалай өтейтіні нақтыланды

Қазақстандықтардың банктегі қарызы кешірілді: мемлекет кімнің қарызын қалай өтейтіні нақтыланды
ашық дереккөз
Банктер жаппай барлық азаматтың қарызын кешіреді деу бекер.
Елімізде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың несиесі кешірілетін болды. Мемлекет тарапынан бір реттік әлеуметтік көмек көрсету туралы жарлыққа бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп жазды KYN.KZ  сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып. Мұндай жеңілдік тек, аз қамтылған, жалғыз қамқоршысынан айырылған, көпбалалы және мүгедек ұл-қыз асырап отырған отбасыларға жасалады. Дегенмен, олар табысының төмен екенін,яғни төлем қабілетінің жоқтығын растауы керек. Мемлекет басшысы  бұл екінші деңгейлі банктен несие алып, оны төлей алмай отырған адамдарға үлкен көмек болатынын айтады. "Көптеген азаматтардың табысы азайып, қарызының салмағы өсіп келеді. Көпшілік несиелік қарызды қалай өтеуді білмей дал. Тура осындай мәселе 500  мың адамның басында бар. Мен мемлекет басшысы ретінде халықтың қарызға батып, одан шыға алмай отырғанына қарап тұра алмаймын. Екінші деңгейлі банктерден, қаржы орталықтарынан  кепілсіз несие алғандардың өсімі алдағы айдың біріне дейін кешіріледі.",-  деді Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Тоқаев. Сондықтан мемлекет басшысы тиісті жарлыққа бүгін қол қойды. Сөйтіп, жақын арада жағдайы төмен несиесі бар 500 мың адамның қарызы кешірілуі тиіс. Берешекті  жабу үшін жағдайына қарай олардың әрқайсына  300 мыңнан бастап 3 миллион теңгеге дейін төленеді. Сондықтан біреуінің несиесі толығымен өтеліп, екіншісінікі жартылай ғана жабылуы мүмкін. Енді бұл жұмысты Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп атқаруы керек. Айта кетерлігі, банкке берешегі бар қарапайым азаматтарға да қолдау көрсетіледі. Олардың несиесі кешірілмесе де, дер кезінде жасалмаған төлем үшін жиналған өсімақы мен айыппұлы болса, бұған банк бұдан былай көз жұма қарауы керек. Сондай-ақ, жарлыққа сай, бұдан былай күнкөріс көлемі 27 мың теңгеге жетпейтін адамдарға несие беруге тыйым салынып отыр. Бұл олардың одан әрі қарызға батпауына мүмкіндік береді дейді президент. Мемлекеттік көмектен кәсіпкерлер де үмітті. Қазір 40 мыңнан астам бизнесмен салықтық рақымшылыққа  іліккен. Негізгі қарызды өтеген бойда олардың 123 миллиард  теңге шамасындағы айыппұлы кешірілмек.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар