Басты жаңалықтар
Алматылық оқушы екі жыл жиған ақшасын арыстықтарға аударды (фото)
- автор kyn.kz
- 26 маусым, 2019
- 328
Адиар: Арыстағы жағдайды естіп, ойын приставкасына қарағанда халыққа көмектескенім дұрыс деп шештім.
Алматылық оқушы бірнеше жыл жинаған ақшасын Арыстықтарға көмек есебінде жіберді, деп жазды KYN.KZ сайты Еуразия арнасына сілтеме жасай отырып.
Осы арқылы жалпыхалықтық жылуға өз үлесін қосуды жөн көріпті. Еліміздің түкпір-түкпірінде гуманитарлық көмек жинау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл игілікті іске үлкендермен қатар мектеп оқушылары да жең түріп кіріскен.
Екі жыл бойы жинаған ақшасын санап отырған бұл баланың есімі Алдиар. Алматыда тұрады. Әуел баста ойын приставкасын аламын деп жоспарлапты. Бірақ, Арыстағы оқиға ойын өзгертген.
«Мен басында мүлде басқа зат алғым келген плей стейшнді. Бірақ одан кейін білдім, ойландым да қайырымдылық жасаған дұрыс болады деп шештім»,-дейді оқушы Алдиар Дәулетұлы.
Алдиардың әкесі бұл пиар әдіс не мақтаныш емес деп кесіп айтты. Баласы шешім қабылдаған соң бетін қақпай, бірден қолдапты. "Сөйлескен кезде әкешім копилкадағы жиналған ақшаға қамқорлық жасасам деп өзі ниет қылды. Енді баланың ниеті өзі солай болғаннна кейін әрқайсымыз өзім ойлаймын. Бұл бүкіл халықтың, барша Қазақстанның қайғысы ғой расында. Құдай бетін әрі қылсын мұндайдың",-дейді Алдиардың әкесі Дәулет Сатаев.