Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда тәрбиешілер балаларды бір бөлмеге қамап алып, 2 сағат бойы түрліше қорлаған

Ақтауда тәрбиешілер балаларды бір бөлмеге қамап алып, 2 сағат бойы түрліше қорлаған
ашық дереккөз
Олар балаларды бір орнынан қозғалтпай, әрқайсысын екі стақан суды ішіп бітіруге мәжбүрлеген.
Ақтауда тәрбиешілер бүлдіршіндерді тоқпақпен тәрбиелеген. Адуынды бала тәрбиешілер! Ақтауда №55 балабақшасының тәрбиешілері бүлдіршіндерді тоқпақпен тәрбиелеген. Тіпті сағат бойына орындықтан тұрғызбай, себепсіз қол жұмсаған, деп жазды KYN.KZ сайты. Бұл туралы кішкентайлар ата-аналарына шағым айтып барғандарында бір-ақ біліпті. Ал мекемедегілер бақылау камерасындағы жазбаны тек полиция араласқан соң ғана көрсетіпті. Бейнежазбаны көрген  ата-аналар жағаларын ұстады. Мұндағы тәрбиешілердің кішкентайларды сағаттап орындыққа отырғызып қойғаны анық көрініп тұр. Тіпті қараусыз қалдырып, себепсіз ұрған сәттері де бар. Сондай-ақ, сусынды екі стақаннан ішуін талап еткен. Ал ішіп тауыса алмағандарды жазалайды екен. Мұндай сұмдықты көрген ата-аналар балаларының не себепті балабақшадан қашатының енді түсіндік деп отыр. Тәрбиешілердің жауыздығына ашынып, енді мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерін түгел сотқа бермекші. "Мен шыны керек видеоны қарай алмадым. Баламның тәрбиешісі және басқа топтың тәрбиешісі келіп кішкентайымның басынан ұрғанын қарап тұрудың өзі сұмдық. Тіпті ешқандай ойыншықтармен ойнатпайтыны, тәрбиешілер кішкентайларды қараусыз қалдыратыны анық көрініп тұр",- дейді ата - ана Назым Түгелбаева.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар