Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Барша халықты өз әрекетіне сүйсінткен лейтенант сол күнгі жағдайды баяндап берді (видео)

Барша халықты өз әрекетіне сүйсінткен лейтенант сол күнгі жағдайды баяндап берді (видео)
ашық дереккөз
Бексұлтан Ибадуллаев: Бұл менің жұмысым әрі міндетім
Көпшілік Арыстағы төтенше жағдай кезінде биік көлікке ананы отырғызу үшін "баспалдақ" болған ТЖ лейтенанты Бексұлтан Ибадуллаевтың әрекетіне сүйсінген еді. Сол күні жас жігіт өзінің жұмысын атқару барысында он бес кісіні дәл осылай көлікке шығарғанын айтады, деп жазды KYN.KZ. Әскери қызметші желі қолданушыларына Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-те таныстырды. Жас жігіт егде адамдардың бәріне арқасын тосып, көлікке отыруға көмектесіп жүрген. «Біздің негізгі міндетіміз - адамдарды құтқару. Бізге хабарлама түскен кезде жүріс қуаттылығы жоғары техникамен адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге міндеттелдік. Уақыт өлтірмей адамдарды тез қауіпсіз аймаққа көшіру үшін жылдам әрекет жасау керек болды. Сондықтан, арқамды тосып, адамдарды тезірек техникаға отырғызуға тырыстық», - дейді Бексұлтан Ибадуллаев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар