Қыздың көркі-шаш. Шашыңыз ұзын болса да, қысқа болса да жылтырап тұрғаны адам денсаулығынан хабар берері сөзсіз. Дұрыс тамақтанатын адамның шашы мен терісі бірден көрініп тұрады. Егер адам майлы мен тәттіден, газдалған сусыннан өзін аулақ ұстаса оның терісі мен шашында айтарлықтай мәселе болмайды.
Көпшілігіміз "Шашым еш өспейді, өскен күннің өзінде ұштанып, жылтырамай қалады деп жатамыз. Ондай кезде көктем мен қыс мезгілінде комплексті дәруменнің бір курсын тұтынған жөн.
Дәрумен құрамында минералдар мен калцидің бірнеше түрі болғаны абзал. KYN.KZ "гүлдеп" ұштанып кеткен шашқа арналған дәруменді масканы назарларыңызға ұсынады.
Ұштанған шаштарды қалай емдеймін?
Жылтыр әрі күтілген шаш қалайсыз ба? Онда, бар болғаны:
- Шашыңызды тарап, екі өрім етіп өріңіз;
- Шаштың ұштарына шабдалы майы мен А витаминин (ретинол-ацетат) жағып, 3-4 сағатқа қалдырыңыз;
- Шашты жуып, ортасынан ұштарына дейін шашқа раналған бальзам мен бал (1:1) жағыңыз. Жиналған шашқа пакет киігізіп, оның сыртынан сүлгімен ораңыз.
- 1-1,5 сағаттан соң шашты жуып, жылтыр шашыңызға қарап қуанаберсеңіз болады!