Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әбдірахымов наразы жұртқа: Менің қолымнан келетіні сіздерге тамақ, су, жатын жай беру

Әбдірахымов наразы жұртқа: Менің қолымнан келетіні сіздерге тамақ, су, жатын жай беру
ашық дереккөз
Әкім: Қазір тынышталмасаңыздар арты жаман болады
Шымкент әкімі Ғабидұлла Әбдірахымов митингіге шығып баспана сұраған халықпен кездесті. Әкім өз кезегінде  тұрғындардың үй сұрауы орынсыз екенін айтты, деп жазды KYN.KZ. Оның сөзінше қазір арыстықтар қалада тыныштық сақтап, уақыты келгенде өз үйлеріне көшіп барғандары жөн. Ол үйлерді мемлекет қаржысына жөндеуден өткізіп беретінін айтқан әкім, оны әр адам сатады ма, әрі қарай сол жерде тұрады ма өзі біледі.

Шымкентте жаппай наразылыққа шыққан Арыс тұрғындарымен кездескен Ғабидолла Әбдірахымов бассыздықты доғаруды талап етті. Шаһар басшысы жергілікті биліктің қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты.

"Біз де ойнап жүрген жоқпыз. Қолдан келген нәрсенің бәрін жасап жатырмыз. Егер де мен Құдай болсам, бәрін бір күн ішінде шешіп тастар едім.

Біз де пендеміз, біз де адамбыз. Күні-түні ұйықтамай жұмыс істеп жатырмыз. Мен бір дегенде барлық мәселенің шешемін табатын Алла емеспін", - деп ашынды Әбдірахымов.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар