Әкім кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың айтуынша, Шөкеев бір ай Арыста болады. Ол қаладағы жұмыстың орындалуын өзі қадағалайды.
Қалқаманов бірінші кезекте үйлер мен әлеуметтік инфраструктураны қалпына келтіру жұмыстары тұрғанын атап өтті.
Еске сала кетсек, бұған дейін әскери бөлімнің қоймасындағы оқ-дәрінің жарылыстарынан кейін үйлердің 80 пайыздан астамы жойылғандығы туралы айтылған болатын.