Басты жаңалықтар
Министр студенттердің шәкіртақысы қанша процентке өсетінін айтты
- автор kyn.kz
- 28 маусым, 2019
- 739
Келер оқу жылынан бастап жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30 процентке көтеріледі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов колледж студенттерінің шәкіртақысын көтеру туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жақында президенттің тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30 процентке көтеріледі. Енді, оның көлемі 21 787 теңге болады", - деді Аймағамбетов есеп беру кездесуінде.
Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына берілетін білім беру гранттарының санын көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ, кәсіби-техникалық білім беру саласындағы жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттердің стипендиясы артады. Осы тапсырмалар аясында жоғары оқу орындарында қосымша 5 мың грант бөлінсе, стипендияның көлемі 30 процентке көбейеді. Келесі мақала
Алматы қаласына жаңа әкім тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




