Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Теңіздегі" жаппай төбелесте жараланған 30 адамға медициналық көмек көрсетілді

"Теңіздегі" жаппай төбелесте жараланған 30 адамға медициналық көмек көрсетілді
ашық дереккөз
Жергілікті басшылар мен полиция дүрбелең ұйымдастырғандарды таратып, белсенділерін жауапқа тартуда
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары "Теңіз" вахталық ауылындағы жұмысшылармен кездесті деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі

Хабарламада «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore» компаниясының қызметкерлермен кездесу барысында тұрмыстық өзара жанжалды ушықтармау туралы әңгіме болғаны айтылады.

Осы мәселелер бойынша жұмыс істеуге мемлекеттік органдардан бөлек құрамына компания өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия айналысатын болады.

Аталмыш комиссияның жұмысын облыс әкімінің бірінші орынбасары басқарады.

Кездесу нәтижесінде жұмысшылар өз аумақтарына қайтып, жағдай тұрақталған.

Сонымен бірге, 30 адамға медициналық көмек көрсетілгені белгілі болды. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қайтыс болғандар жоқ.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар