Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

6 шілде күні Ақтөбе мен Шымкентте митингіге шыққан азаматтар қамауға алынды

6 шілде күні Ақтөбе мен Шымкентте митингіге шыққан азаматтар қамауға алынды
ашық дереккөз
Митингті түсірген журналистерге бетіне маска киіп, қолшатыр ұстаған азаматтар кедергі жасаған. Ал полиция қызметкерлері тілшілердің уәжін тыңдауға құлықсыз болған.
фото:azattyq.org
6 шілде күні Ақтөбе мен Шымкент қаласында  ондаған азаматты полиция көлігіне тиеп алып кетті. Олар қоғамдық тәртіпті бұзатындай ештеңе де жасамаған. Бейбіт шеруге шыққандар пікір алмаса бергенде алаңды күзетіп жүрген полицейлер бірден дайын тұрған көліктеріне күштеп отырғыза берген, деп жазды KYN.KZ. Алаңға жиналған ақтөбеліктердің біразы полицейлердің алып кетуінен бірін-бірі құтқарып қалуға тырысқан. Жергілікті ардагерлер кеңесінің өкілі Келдібай Есмағамбетовтің наразы топты кінәлай, полиция қызметкерлеріне қарата "Дұрыс істедіңдер, тәртіп бұзғандарды осылай ұстау керек!" деді. Полиция ұстап әкетіп бара жатқан тұрғынның бірі “ешкім тәртіп бұзған жоқ. Сендер өз пікірін білдірмек болған жазықсыз адамдарды ұстадыңдар” деді. Ақтөбелік полицейлер 10 шақты адамды алып кеткен. Ал Шымкентте 50-жуық адам қамауға алынды. Олар да тура Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағыдай  қаладағы Әл-Фараби алаңына жиналған. Полиция қызметкерлері ешқандай шу шығарып, ұрандатпаса да халықты сүйреп, қызметтік көліктеріне отырғызып алып кеткен. дереккөзі:azattyq.org
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар