Басты жаңалықтар
Нұр-Сұлтан мен Шымкентте митингті түсірген тілшілерге қастандық жасалды
- автор kyn.kz
- 6 шілде, 2019
- 252
Шеруде жүрген тәртіп сақшылары журналистер көрсеткен "бұзақыларды" ұстамақ түгілі олардың шағымын тыңдамай қойды.
Нұр-Сұлтан қаласында 6 шілде күні өткен митингіде журналистердің көзіне газ шашып, камерасын жұлқылап, штативын тартып алған жағдайлар болды. Бетін медициналық маскамен бүркеген жігіттер полицейлердің көзінше тілшілердің жұмысына кедергі келтіріп, қолдарына ұстаған қолшатырмен камераның алдына тұрып алған.
"45-50 жасқа таяған шашы ағарған сұр түсті футболка киген азамат Ержанның камерасын төмен қарай басып, газ сеуіп кетті. Ержан екеуміз бұл кезде қатарынан бір жаққа қарап тұрғанбыз. Менің оң жағымнан, Ержанның сол жағынан сеуіп кетті.
Менің оң көзім, оң қолым, Ержанның сол көзі, сол қолы, қолтығына дейін сепкен. Ержан полицияға "газ шашып кетті" деп айғайлады. Бірақ ешкім мән берген жоқ.
Қазірге дейін қолымыз, көзіміз ашып тұр. Егер бетімізге тура шашқан кезде мүлде жұмысымызды жалғастыра алмас едік", - деді Азаттық журналисі Өркен Жоямерген.
Тура осындай жағдай Шымкентте болды. Ол жерде қолшатыр ұстаған жігіттер тілшілердің жұмысына кедергі келтіріп, камераның алдын тосып тұрып алды.
Дереккөзі:azattyq.org