Туыстары оқиғаның қалай болғанын анықтап, дәрігерлерді сотқа берді
фото:көрнекі
Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Лахнау қаласында туыстары мәйітпен қоштасу кезінде марқұм бірден қозғалып, тіріліп кетті. Дәрігерлер соның алдында ғана ер адамды "жаны шығып кетті" деп денесін туыстарына ұстатып жіберген болатын.
Бұл туралы KYN.KZ Lenta.ru.cайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оқиға былай болған еді, 20 жастағы Мұхаммед Фуркан көлік апатына түсіп, ақылы ауруханаға жатқызылған еді. Араға үш күн салып дәрігерлер жігіттің денесін туыстарына ұстатты. Туыстары ер адамды мұсылманша жерлемек болып, имамға жаназасын оқытқан.
Зиратқа Фурканның денесін қойып жатқан ер кісілер оның қозғалғанын байқаған. Олар бірден мүрдені ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлер оны тыныс алу аппаратына қосыпты. Дәрігерлердің сол кездегі айтқаны, "ол ауыр жағдайда, өлім мен өмірдің арасында жатыр". Бірақ жігіттің миы істеп тұрған.
"Жүрегі әлсіз болсын соғып тұр, қимыл-тіректері де қозғалыста", деп мәлімдеген дәрігерлер.
Фурканның үлкен ағасы Ирфан бауырын емдету үшін 700 мың рупий төлегендерін, бірақ ақшалары бітіп қалғанын айтқанда, дәрігерлер оны "қайтыс болды" деп ауруханадан шығарып тастағанын айтады.
Қаланың бас дәрігері Нарендр Агарвал бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеру басталғанын мәлім етті.