Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

6 шілде күнгі Алматыдағы митингте ұсталғандар 10-15 тәулікке қамауға алынды

6 шілде күнгі Алматыдағы митингте ұсталғандар 10-15 тәулікке қамауға алынды
ашық дереккөз
Адвокаттың сөзінше тағы бірнеше адамға айыппұл салынған
Адвокат Разия Нурмашеваның айтуынша, 7 шілдеге қараған түні Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы тұрғындары Әнуар Данияровты - 10 күнге, Өткірхан Мүлкібаевты 15 күнге қамаған, деп жазды Азаттық сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ. 6 шілде кешке қаладағы орталық стадион маңынан ұсталған бұл екі азаматты соттан кейін бірден уақытша қамау мекемесіне алып кеткен. Данияровтың шешімін судья Қарымбаева шығарған, ал Мүлкібаевтың ісін судья Алдабек қараған. Адвокаттың айтуынша, сот бұған қоса Алматы тұрғыны Ханзада Райымқұлға 35 500 теңге көлемінде айыппұл салған. Түнде Алматы әкімшілік сотына жеткізілген 5-6 адамның бәріне "Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" бабы (Әкімшілік кодекстің 488-бабы) бойынша айып таққан. 6 шілде астана күні елдің ірі қалаларында азаматтар наразылыққа шығып, қазіргі биліктің саясатын сынаған еді. Полиция "жәй қыдырып жүрмін" деген азаматтарды да ұстаған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар