сілтеме жасай отырып KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
29 жастағы актөбелік Эльмира С. есімді азамат Астана аудандық полиция бөліміне телефоны ұрланғанына байланысты арыз жазуға келген. Сол жерде әйел адам мен тергеуші арасында жанжал туындайды. Ашуға берілген келіншек құзырлы орган қызметкеріне қол көтеріп, ұра бастаған.
Осы оқиғадан кейін, әйел адамға Қылмыстық кодекстің 380-бабы "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бабы бойынша айып тағылды. Сот істі қарап бастағанша әйел полицияның қадағалауында болатын болды.