Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өскемендік әйел өз атынан бірнеше кредит алған танысын полиция арқылы тауып алды

Өскемендік әйел өз атынан бірнеше кредит алған танысын полиция арқылы тауып алды
ашық дереккөз
Келіншек банк арнайы хат жіберіп, жауапқа тартқалы жатқанын хабарлаған кезде ғана атында несиесі барын білген.
Өскемен қалалық құқұық қорғау органына өзінің атынан үш неси алынғанын білген әйел шағым түсірген. Бұл сұмдықты үйіне соттың "несиені өтеу керектігін" хабарлаған қағазынан білген.
Өскеменде танысының сеніміне кіріп алған келіншек, ғаламтор арқылы оның атынан үш несие алып алған деп жазады YK.kz сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ ақпарат агенттігі.

30 жастағы келіншек белгісіз біреулер оның атынан несие алғанын біліп, құқыққорғау органдарына шағымданған.

Бір басында үш несиесі бар екенін ол қарызды өтеу керектігі туралы хабарламалар келген соң білген.

Тәртіп сақшылары бұл іске зардап шегушінің танысының қатысы бар екенін анықтады. Нәтижесінде полицейлер 25 жастағы азаматшаны тұтқындады. Ол алаяқтық үшін айыпталуда.

Ғаламтор арқылы рәсімделген қарыздың жалпы мөлшері 145 мың тңгені құрайды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар